Мерей той 70 жас
Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден — Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден. Құттықтайды бар ағайын қол алып.
Дәрігердің міндеті — дәрі беру, ем беру, Кәрілердің міндеті — ақыл беру, дем беру. Ортаға шықсын Әділбек, Ләззәт, Мұрат, Лилия, Сейітжан, Қарашаш, Марат, Шолпан, Болат, Гаухар, Кенжекүл, Талғат, Жанат.
Мерей той 70 жас - Тірлік тілін табасың ұрыспай-ақ, Ыстық сәлем жолдадым күріштей ақ.
Себебі, Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында өзі көктемдей құлпырып кеткен әдепті келін, аяулы жар, ардақты ана, ұлағатты ұстаз Ыбышева Маржанкүл Ретқызы 50-ге толып отыр. Қане, құрметті қауым, осы отырыстың себепкерін 30 жылға жуық бірге отасқан отағасы Есенгелді ағамен қоса қол соғып ортаға шақырайық! Той иелері ортаға келген соң. Осы атаулы күнді той иелері жәй ғана өздері атап өтпей, мерейтой дастарханына жақындарын, туған-туыс, құрдастарын, әріптестерін шақырып отыр. «Жақсы таз басын жасырмайды, Жақсы әйел асын жасырмайды» -демекші, бұл өте құптарлық іс деп ойлаймыз. Сол үшін мерейтой иесіне ду қол шапалақ! Орындарыңызға бара берсеңіздер болады. Той иелері асабаны жұртқа таныстырып жатушы еді, бірақ популярный адамдарға немесе бесплатный тамадаларға реклама, резюме, презентация деген нәрселер қажет емес. Сонда да өзім туралы бірер сөз: Көптен күткен той жақсы өтсін десең Жүйрік болсын таңдаған тамадаңыз Бізді таңдап көңілің қалап жатса Көңіл кілтін бізде іздеп таба аламыз. Жазда қара, ал қыста ағарамыз Маңдай терді, көпшілік, бағалаңыз Ата жолдан жаңылмай жүріп келіп Қалжыңды да орынды таба аламыз. Әуезді әнді шырқап әлеуметтің Ай шырағын жүректе жаға аламыз Кейде біреу киліксе келеңсізде Қара сөзбен кенедей қадаламыз Тойларың бар 9-да басталатын Мен емеспін көп жұрттан жасқанатын Көпшілік, той болса егер звондаңдар Мен АСАБА тойыңды басқаратын Шай ішейік бал менен, бала-шағаларменен — деп менің бір досым айтқандай, шайдан алыңыздар, шараптан құйыңыздар. Ал мен болсам алғашқы сөз кезегін Тұрархан апама, Күлсімхан жеңгеге, Әбдікерім ағаға және Света тәтеге бергелі отырмын. Сөз сөйлегеннен кейін : Жасы үлкендер өз алдына бір төбе, Оларға еткен қызметің де мәртебе! Жасы үлкендер — өз алдына бір отау, Олар барда асқақ емес Алатау. Үлкенді сыйлау — халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. «Аталы сөз, баталы сөз», «Халықтың қартын сыйлауы — елінің салтын сыйлауы» деп бекер айтпаған ата-бабаларымыз. Құрметті қонақтар, құйылған шампандарды алып отырыңыздар, ауызға зәкөскені салып отырыңыздар, ал мен келесі кезекті бүгінгі отырысымызды әуезді әнімен көркемдейтін ауылымыздың еңбек сіңірген музыканты Батырдың әніне беремін. Әдеті той бастайтын әуел бастан, Шырқатып жіберетін әнін асқақ. Шабыты жүрегіне жол беріп тұр — Бұл тойды ашып берсін інім бастап!!! Ән Құрметті тойшыл қауым! Мен сіздерді кейбір мамандар мен адамдардың міндеттерімен таныстырғым келіп отыр. Дәрігердің міндеті — дәрі беру, ем беру, Кәрілердің міндеті — ақыл беру, дем беру. Малшылардың міндеті — малдарына жем беру, Саудагердің міндеті — артық алу, кем беру. Ұстаздардың міндеті — ғылым-білім үйрету, Махаббаттың міндеті — сезімдерді сөйлету. Бұзақының пиғылы — қирату мен күйрету, Арақ ішіп, «Қырам! »- деп, «Брат, сен үшін тұрам! »- деп Бірін-бірі сүйрету. Тойшыл қауым міндеті — ә дегенде жүздетіп, асқазанға жол салу, Содан соң бір кекіріп, табақтарға қол салу, Үстелдегі тағамның бәрін ішіп-жеп қоймай, пакетке де мол салу. Маржанкүлдің міндеті — ойға батпай тұңғиық, бокалына су құйып, Соғыстырып бәрімен жүре беру жымиып. Тұмау тиген адамға міндет болар жөтелу, Ал қарыздың міндеті — уақытында өтелу. Есекеңнің міндеті — асабаның ақысын өзі біліп, сұратпай молырақ қып тез беру, Асабаның міндеті — тойға келген қауымға рет-ретімен сөз беру. «Сөз сұлтаны — дәмділігі, ой сұлтаны — жандылығы» деген халық даналығын естен шығаруға әсте болмайды. Халқымыздың ағалар мен әпкелер жөнінде де айтылған асыл сөздері аз емес. «Тон жағасыз болмас, ел ағасыз болмас», «Ақылың ағаңда болсын, құндызың жағаңда болсын», «Әдемі ниет әпкеден, әпкелер үшін мақтанамын көпке мен» деген сияқты сөздер қандай тамаша. Олай болса, келесі сөз кезегі Медел, Меруерт, Маржан, Шолпан, Алмагүл, Сейіткерім, Гуля, Болат, Роза атты аға-тәтелерде. Тойға келсе әпкелер ырыс-бақыт ап келер. Апамызға жездем сай әпкелермен бақ келер. Рұқсатсыз әпкеден шыға алмайтын бір адым, Сөз салмағын ендеше жезделерге бұрамын. Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден — Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден. Келесі сөз кезегі әпке-жезделері Қалысбек-Айманкүл, Байжан-Сәулемкүлде. Оларға сіз қарайсызба жоқ жұбайыңызба? Әпкеден рұқсат сұрамай қай-қай жерге бара аласыз? Екеуінің айырмашылығы Аңыз бен ертек. Қораз, мәселен, кез келген Көрші мекиендердің жүрегін өртеп, Мінез көрсетіп тентек Қыдырғысы келсе қыдырып, Ұрынғысы келсе ұрынып, Бөтен қораға Бұрылғысы келсе бұрылып, Шөжелердің артынан жүгіріп, Бірде тұрып, бірде жығылып, Кешке өзінің қорасына Қалың мекиендерінің арасына Түк болмағандай қоқиланып, оңын-соңын шоқыланып, Қайтып келеді. Әйел қаһарға мініп, Жалмауыз кемпірдің кейпіне кіріп, Өткеннің тарихын қозғап, Жіпке тізгендей айтып береді. Қырық жыл бұрынғы Жігіт кезінде ұсынған махаббатын Жүнін жұлған тауықтай ғып қайтып береді. Соны білетін ол байғұс Үйіне қайтіп келеді? Алпыс аңызын, қырық өтірігін Батырлар жырын айтқандай Аңыратып айтып келеді. Өлтіруге жақындатады Бірақ өлтірмейді. Әйел еркекті Ешқашан олай жүргізбейді, Сирағын сындырып, Ауыздықтап, тізгіндейді. Жүргенін білсе Үйге кіргізбейді. Қораздың бұл өмірін Күнде іздейді, түнде іздейді. Елу жылда - ел жаңа деген сөз бар Сол елуге өзің де келдің міне. Әр уақытта домалап өрге тасың, Келін алып жылы суға қолың батыр Құтты болсын мерей той, 50 жасың Қайнағаммен әрқашан таңыңды атыр. Елу — деген жүздің нағыз жартысы, Елу деген — даналық қой, ол анық! Оған жетсе елжірейді әр кісі. Құттықтайды бар ағайын қол алып. Елу деген — тамаша жас еңселі, Елу деген — парасаттың өлшемі. Жүзге дейін бақытты өмір сүрсін деп Құттықтайды мұнда отырған ел сені. Елу деген толы той мен думанға, Тау секілді көрінеді тұлғаң да. Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті, Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да. Тірлік — теңіз, ес елудің ескегін, Әнге толсын, күйге толсын кештерің, Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас, Қол соғады барша әріптестерің. Ортаға Маржанкүлдің әріптестерін — ұлағатты ұстаздар математика, физика, химия, биология, география, информатика, қазақ және ағылшын тілі пәні мұғалімдері Орынкүл, Перизат, Айнұр, Жанар, Айгүл, тағы да Айгүл, Ақмарал, Дина, Әлия және Гүлнарды шақырамыз. Ведущий свадьбы вызывает четырех добровольцев. Из реквизита у ведущего четыре небольших таблички, с надписями: баня, роддом, дурдом, работа важно чтобы надписи на табличках были хорошо видны гостям. Участники становятся спиной к аудитории и на них надеваются таблички с текстом, так чтобы они не могли прочитать, что же там написано! Далее начинается самая веселая часть игры. Три вещи, которые Вы взяли бы с собой в это место? Вопросы связаны с текстом на табличках. Случайные ответы, порой доводят гостей до слез от смеха. Әрбір тойда достардың орны бөлек. Достарың жаныңның жақсылығын, жүрегіңнің қуанышын сезінеді. Достық даңқын көтеру, досты сыйлау — атадан қалған. «Қазақ қоссыз болса да, доссыз болған емес», «Көптен адасқан қосын таппас, естен адасқан досын таппас» деген ұлағатты сөздердің ұқтырары мол. Жарқылдаған жеңгелер, шашуыңды шаш бүгін, Еске алады әжелер осы тойда жас күнін. Арта берсін достығың — доссыз өмір бос бүгін, Құрбы-құрдас, қанеки, тілегіңді қос бүгін! Орал, Жұмакүл, Нұрслан, Шолпан, Жексенбек, Күлбүбі, Жәділ, Шолпан, Марат, Бинұр, Зейнеш, Мұхит, Айнұр, Қасымхан, Анара, Бөкенбай, Ұлбосын, Асылбек, Зерхан, Сапар, Ұлғаным, Бақытжан, Гүлбағира, Константин, Жания деген Есекең мен Маржанкүлдің достарын ортаға шақырамыз. Қызық күйде: Ойынға бірнеше ер адам шақырылады. Оларға әйел адам аяғы ауыр кездегі жағдайды өз басынан кешуге мүмкіндік беріледі. Ойын жүргізуші скотчпен іштеріне әуе шарларын байлап береді. Әр ойыншының алдына бір қорап сіріңке шашылады. Ойыншы берілген уақыт ішінде шашылған сіріңкелерді көбірек жинауы тиіс. Өзінің жағдайын да естен шығармағаны дұрыс. Ішіңізге шарға зақым келіп жүрмесін. Күйеу бала, келіндер сөйлемейді тым қатты, Сіңлілер де ибалы, қайын сіңлі сымбатты. Тынысымыз — інілер, қайнылар да тым тәтті. Барлығы да осындай жанашырлар қымбатты. Ортаға шықсын Әділбек, Ләззәт, Мұрат, Лилия, Сейітжан, Қарашаш, Марат, Шолпан, Болат, Гаухар, Кенжекүл, Талғат, Жанат. ӘЙЕЛ МЕН СЕРИАЛ Әйел мен сериал... Ұқсас жерін теріп ал! Алшақ жерін көріп ал! Сериалдағы бар нәрсе Әйелде де, О, тоба, бәрі бар. Сериал сені ығыстырып, Әйеліңнің қасына Қысылмай қонып шығатын, Бір басын кессең, Екі басы өніп шығатын Жеті басты айдаһар. Сенің қаныңды ішіп барып жай табар. Ызыңдап боздай береді, Боздай береді. Не болса соны қозғай береді. Шекесі тырысып, Шаң-шұң ұрысып, Жұлысып жатқаны... Уайымға батып, Мұң ішіп жатқаны. Өсегі құйындайтын, Төсегі жиылмайтын, Таусылмайтын сұмдық... Дәл осы жерде Әйелден аумайтыны — шындық. Олардың да табақ-аяғы жуылмай, Кір-қоңы жиылмай, Теледидарға телміріп отырғаны... Екеуінің ұқсастығы Осы тұста жақындады. Сөз кезегі Бауыржан Момышұлы атындағы Республикалық әскери мектептің үздік тәрбиеленушісі, взвод командирі, армрестлингтен мектеп чемпионы және бүгінгі той иелерінің ұлы болашақ генерал Ерқанат мырзада және Қаракемер ауылының жас батырлары, 14 мектептің хас батырлары, Есен атасымен Маржанкүл апасының немерелері мен жиендері Жалғас, Жарас, Арлан, Нұржан деген азаматтарда. Мен кеше Есен ағаның үйінде көмектсіп жүргенімде қора тазалап, төсек жинап дегендей , мал қорадан бір қағаз, сандықтың астынан тағы бір қағаз тауып алдым. Мал қорадан тапқанымды оқып берейін: Авторлары: Жүсін Ерман, Есен Бексұлтан. Оқып біткен соң: Ортаға осы тамаша өлеңнің авторларының бірін, атап айтсақ, 30 жыл өтсе де сол сезімнің жетегінде жүрген Есенгелді ағаны шақырамыз. Есен ағама 1 сұрақ: қанша жасыңыздан бастап машина айдадыңыз? Отбасылық бюджеттің қаражатының көбі машинаға кете ме, әлде жеңгеме ме? ӘЙЕЛ МЕН МАШИНА Еркек үшін әйел мен машина Ыстық және жақын, Екеуі де өмір. Бірақ әйел — қатын, Ал, машина — темір. Ұқсайтыны — еркек Екеуін де аялайды, Екеуін де бағалайды. Өйткені оны айдайды, Уақтылы күтіп, Уақтылы майлайды. Оның бір жақсы жері Қайта-қайта ақша сұрап, Алақанын жаймайды. Ал, әйел алған бетінен таймайды, жүйкеңе ойнайды. Машина күн демейді, Түн демейді, Ақша бермесең үндемейді, Кей кезде сілейіп Кідіріп, тұрып қалады. Ондай кезде еркек ашуланып, Теуіп қалады, ұрып қалады — Жауап жоқ, бар айыбы сынып қалады. Ал әйелді соқпай-ақ қой, Жәй әшейін түртіп қал. Жолыққандай күртік қар Қар бораған бұзық қабағы, Өткен-кеткенді тізіп, табады, Сенің қан қысымың 250-ге жеткенде ғана Тыңыш табады, «Жедел жәрдем» әкеткен соң Амалсыз аузын жабады. Ал енді сандықтың астынан не табылды деп ойлап отырған шығарсыздар? Авторлары: Асылзат Арыстанбек, Маржанкүл Рет. Оқып біткен соң: Ортаға осы тамаша өлеңнің авторларының бірін, атап айтсақ, 30 жыл өтсе де ол да сол сезімнің жетегінде жүрген Маржанкүлді шақырамыз. Тірлік тілін табасың ұрыспай-ақ, Ыстық сәлем жолдадым күріштей ақ. Бұл өмір өте шығар көз ашқанша, Көз жұмғанша жүрейік тырыспай-ақ Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп, Көктем келді, наурыз келді сән құрып. Қалпыңыздан айнымаңыз шат көңіл, Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік. Елу деген - ес тоқтату, есею, Елу деген — елдің жүгін көтеру. Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді, Қанжығаңа ілінсін деп қос елу. АНТРАКТ Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение редакции может не совпадать с точкой зрения авторов. Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако редакция сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.
Жүргізуші: — Күміс той — жиырма бес Жылғы промчались ретінде мгновенье Сіз қабылдауға үйренді Кейде ауыр решенья Тілейміз күн толық үйі Жол жүру еді тегіс Чтоб жиналған дастархан басында Чтоб ішті, жеді, өте тәтті Мен сөзге надобно айтуға Өзгермеген сіз нисколько Және жаңадан бізге айқайлауға келмейді Бірінші рет үйлену Ащы! Екеуінің айырмашылығы Аңыз бен ертек. Күйеу бала, келіндер сөйлемейді тым қатты, Сіңлілер де ибалы, қайын сіңлі сымбатты. Itʼs possible that these automated requests were sent from another user on your network. Той иелері асабаны жұртқа таныстырып жатушы еді, бірақ популярный адамдарға немесе бесплатный тамадаларға реклама, резюме, презентация деген нәрселер қажет емес. Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден — Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден.